• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Астананың балабақшаларында 15 мыңнан астам бүлдіршінге орын бар

16 мамыр, 11:38455
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарға орындар бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде жолдама беру жүйесі іске қосылды. Бүгінгі таңда бұл қызмет ата-аналарға www.e.astana.kz жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы қолжетімді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін www.e.astana.kz сайтының басты бетінде «Нұсқаулық» бөлімінде жүйеде жұмыс істеу тәртібі бойынша қадамдық алгоритмі қарастырылған.

2018 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша мектепке дейінгі мекемелерде 15 024 орын бар, оның ішінде:

2016 (туылған жылы) – 1082 (937 қазақ және 145 орыс топтарында);

2015 (туылған жылы) – 5597 (4537 қазақ және 1060 орыс топтарында);

2014 (туылған жылы) – 4089 (3520 қазақ және 569 орыс топтарында);

2013 (туылған жылы) – 3064 (2605 қазақ және 459 орыс топтарында);

2012 (туылған жылы) – 1192 (955 қазақ және 237 орыс топтарында).

Құрметті ата-аналар!

Естеріңізге сала кетейік, берілген орындар Астанадағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарындағы (мемлекеттік, кенттегі және жекеменшік балабақшалар, шағын орталықтар) бос орындар санын қамтиды.

Жолдамалар кезектілік ретімен беріледі. Хабарлама алған ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымды таңдау үшін 3 жұмыс күні беріледі, содан кейін, 4-ші күннен бастап орындар барлық кезекте тұрған балалар үшін қол жетімді (бірақ балабақшаны 3 күн ішінде таңдамаған ата-аналар ұшін де қол жетімді болады).

Сонымен қатар, төменде көрсетілген қағида бойынша жеңілдігі бар санаттарға орын берілетінін ескертеміз:

-кезектен тыс жолдама алатындар (әскери қызметшілер балалары). Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде орын болса бұл категориядағылар кезектен тыс жолдама алады.

-бірінші кезектегілер (мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер). Бұлар жолдаманы «үштен бір» қағидасы бойынша алады. (Жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші)

Қосымша ақпарат келесі телефон нөмірлері арқылы қол жетімді:

55-68-64, 55-68-83, 55-68-74, 55-72-49, 55-68-92.

e.astana.kz сайтының қолдау көрсету қызметі:

46-67-56, akimat.itfactory@gmail.com

Ата-аналар үшін маңызды хабарландыру: Бұдан былай дәстүрлі көктемгі топтауды күтудің қажеті жоқ, өйткені e.astana.kz жүйесінде бос орындар күн сайын жарияланады. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары тарапынан бос орындар бойынша ақпарат жүйеге күн сайын жіберіліп, соған сәйкес жүйеде бос орындары бар мекемелер тізімі жүктеледі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх