• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Астаналықтар медициналық қызметтердің барлық түрлерін көпбейінді орталықтардан ала алады

13 наурыз, 14:02107

Ересектерге арналған төрт көпсалалы аурухана мен балаларға арналған үш аурухананы құру туралы бүгін Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Барлығы науқастарға барынша жайлы жағдай жасау үшін істеліп жатыр. Көпбейінді стационар құруға басымдылық беріледі. Ол екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші кезекте қайта құрылатын медициналық ұйымдар. Олар біде көпбейінді типтер бойынша жобаланып және жоспарланатын болады», - деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, қайта құрудан соң елорда тұрғындары барлық медициналық қызметтерді бір медициналық орталықтан ала алады.

«Көпсалалы дегеніміз не? Бұл жерде туғаннан бастап онкологиялық ауруларды емдеуге дейін тәжірибе жүзінде барлық қызметті қамтитын аурухана кешені туралы айтып отырмыз. Оның барлығы бір ғимараттың ішінде орналасып, бір инфрақұрылымды пайдаланатын болады», -  деді ол.

Екінші жолы – қолданыстағы аурухана қызметтерін көпбейінді ауруханаға біріктіру.

«Бұйрыққа сәйкес, әзірленген жол картасы негізінде жекелеген жұқпал аурулар стационарлары, онологиялық, наркологиялық және психологиялық қызметтердің барлығы көпсалалы стационарлардың құрамына кіреді. Осыған орай, министрлікпен дамудың бірыңғай даму жоспары мен Астана қаласы бойынша аймақтық жоспар әзірленіп жатыр», - деді Тимур Мұратов.

 

Наверх