• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Қоғам

Астаналықтар Аягөзге көмек жинап жатыр

12 наурыз, 12:29377
Фото Facebook желісінен алынды Фото Facebook желісінен алынды

Бастамашы топ елордалықтарды су тасқынан зардап шеккен ШҚО-ның ауыл-аймақтарына көмек қолын созуға шақырады. Көмекке киім-кешек, азық-түлік және қаржылай көмек қабылданады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Айта кетейік, 10 наурыз күні қар суы мен жауын-шашын салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданын су басты. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан аудандары су құрсауында қалып, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді.  

Осыған орай, Астанада тұратын шығысқазақстандықтар бастама көтеріп, үй-жайлары су астында қалған жерлестеріне көмек жинауда.

«Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, бүгінге Аягөздің өзінде 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өзім сол елдің тумасымын. Кешеден бері ел болып көмек жинап, қызыл судан зардап шеккен ауылдарға жөнелтуді жөн көрдік. Тек жерлестер ғана емес, кез келген елордалықтар қатыса алады. Ақшалай көмекпен бірге азақ-түлік, киім-кешектер қабылданады», - деді Елорда инфо тілшісіне бастамашыл топтың мүшесі Медет Шаменов.

Оның айтуынша, қазір жиналған заттар мен азық-түліктерді елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

«Бұл бастаманы қолға алғанымызға бір-ақ күн. Қазірдің өзінде халық телефонмен хабарласып, көмекті қалай көрсетсек деп сұрап жатыр. Әзірге арнайы есеп шот жоқ. Аударылған ақшаның ашықтығын қаматамасыз ету мақсатында шот ашсақ па деп отырмыз. Сондай-ақ ШҚО-ның әкімдігі келісеміз. Жиналған заттарды елге жеткізіп беру үшін жерлестер көлік жалдаймыз деп отырмыз», - деді ол.

Су басқан Шығыс Қазақстан облысына көмек көрсетемін деген астаналықтар 8701 400 5026  нөмірі бойынша Медет Шаменовке хабарласа алады.

Бұл мәселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пікір білдірді. Атап айтқанда басқарма елордалықтарды «Қайырымдылық керуені» акциясын қолдауға үндеді. Бүгіннен бастап Астананың барлық мешіттерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек заттарын қабылдау пунктері ашылады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған акцияны жыл сайын өткізіп, су жайлаған елді-мекендерге гуманитарлық көмек көрсетіп отырады», - деді басқармада.

 

ШҚО, Аягөз ауданы

 


Наверх