Қоғам

Астаналық тұрғын мұқтаж жандарға тегін нан таратып жүр

05 қараша, 10:48166

Бас қалада мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында #Тегіннан эстафетасын бастау ұсынылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін тағы базарға бардым. Бірақ, өткендегідей өзім бармай, өзіммен бірге өзім деген әріптестерімді Мариям мен Ахмет-Әліні ерте бардым. Бірге барып бүгін де 50 бөлке нанты тегін тараттық. Байқасаңыздар, қолымда табличка тұр. Өткенде де болған. Бірақ ол жолы «Үлкен кісілерге тегін нан» деп жазылған еді. Бұл жолы «Ата-әжелерімізге тегін нан» деп жазып алдық. Осылай әдемірек, жақсырақ, жұмсағырақ деп ойлаймын. Осылайша, үшеулеп тұрып, үйіле келген ата-әжелеріміздің алғысы мен батасын алдық. Сіздерге де сәлемдерін жеткізуді сұрады. Рахметтерін айтты. Айтпақшы, тағы да келесіздер ме? Тағы қай күні таратасыңдар деп сұрады. Қалай ойлайсыздар? #Тегіннан эстафетасын тағы да жасайық па?», - деп жазды Батыр есімді елорда тұрғыны өзінің Instagram парақшасында.

Елорданы тұрғынының жеке парақшасынан байқағанымыздай, тегін нан қаладағы «Шапағат» базарында таратылады және оның қайырымдылық ісіне қолдау көрсетіп жатқан белсенді азаматтардың саны күн санап артып келеді.

«Картама түскен 33220 теңгенің 5 мың теңгесін шешіп алып, 75 теңгеден 3750 теңгеге 50 бөлке нан сатып алдым. 100 емес, 50 алдым. Басында нан сататын тәтелерге ақшасын беремін де кетемін деп ойлағанмын. Себебі алдында солай жасайтын едім. Сөйтсем, тегін дегенге бәрі таласып қалады екен. Сосын оларға сөйлейді екен. Не істеймін? Базар әкімшілігіне барып, келісім алдым. Орын сұрап алдым. Үлкен кісілерге тегін нан деп картонға жазып алдым да, нандарды шығара бастадым. Шығарып үлгермей жатырмын, ата-әжелеріміз рахметтерін айтып алып жатыр. Тез-ақ таратып тастадым. Бұйырса, дүйсенбі күні тағы 50 бөлке таратамын. Қалған ақшаға азық-түлік алып, бір отбасыға апарып береміз. Маған ақша жіберген жақсылардың барлығына рахмет айтамын», - деп жазды ол.




Наверх