• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Астаналық әйел күрделі операциядан кейін бала босанды

09 қараша, 14:1659

Аяғы ауыр астаналық әйел күрделі операциядан шыққасын бес күннен кейін табиғи жолмен бала туды. Бұл бірегей жағдай туралы №2 қалалық көпбейінді ауруханасында айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Астана қаласында алғаш рет жүктілік уақытында 180 градусқа дейін сигмоидты ішектің бұралуының салдарынан болған тоқішектің жіті страннирленген колониялық тосқауылы диагнозына операция жасалды.

27 жасар әйел жүктіліктің 32 аптасында ауыр халде ауруханаға түсті.

«Әйелде жіті іш ауруы, ауыр патология және перитониті болды, жүктіліктің үлкен мерзіміне қарамастан, жедел емдеуге алынды. Біз науқаста кішкентай кезінен ішек мәселесі болғанын анықтадық, ол жиі іш қатумен зардап шеккен. Тоқ ішектің осы бөлігін алып тастау бойынша операция жасалынды», - деді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.  

Оның айтуынша, зақымданған ішектің ұзындығы – 40 см, диаметрі – 10-15 см, ал сау адам ішегінің ұзындығы 20-30 см, ені 5 см артық болмауы тиіс.

«Іс жүзінде іріңді аурулар әрқашан ана өліміне әкеледі, ал біз әйелді құтқара алдық, ең бастысы, баланы құтқардық. Бұл хирургтар мен акушерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесі», - деді ол.

Науқас отадан кейін бес күннен соң баласын табиғи жолмен босанды. Қыз бала тыныс алу жолдарының бұзылушылығы синдромы диагнозымен туды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында дәрігерлер тағы бір жүкті әйелді құтқарудың бірегей жағдайы туралы айтқан болатын. Әйелге бір мезгілде кесар тілігі мен жүрегіне ота жасалған еді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх