• USD 368
  • EUR 423.5
  • RUR 5.67

Мәдениет

Астанаға көшпелі халықтардың өкілдері келеді

13 маусым, 15:04120

30 маусым – 1 шілде аралығында  «Kóshpendiler Álemi» көшпелі халықтардың III халықаралық этномәдениет фестивалі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл фестиваль  Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, сондай-ақ Астана қаласының және Алматы облысының әкімдіктерімің ұйымдастыруымен өтеді. 
Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ халқының және бүкіл Түркі әлемінің ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрлерді, идеология мен жауынгерлік өнерді жандандырудың және елдер арасындағы мәдени алмасуды кеңейтудің негізі болып табылатын тарихи және мәдени мұрасын дәріптеу.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар экономиканың басқа салаларында ортақ жобаларды іске асыруға септігін тигізетін құрал ретінде оқиғалық және мәдени туризмді дамытуда үлкен роль атқарады. 

«Фестивальді өткізу орны ретінде Астана қаласының жанындағы Қабанбай батыр ауылын таңдауымыз кездейсоқ емес. Бұл жылы фестиваль Астананың 20-жылдығын тойлаумен тұстастырылды», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев. 

Фестиваль концепциясы 2008 жылдан бері Венгрия Халық Республикасында өтетін Түркі халықтарының Үлкен Құрылтайының сәтті моделіне негізделген.  Бас кеңесші ретінде Үлкен Құрылтайдың ұйымдастырушысы – белгілі ғалым-антрополог Андраш Биро бастаған "MagyarTuran" қоры қолғабыс етеді. 
Фестиваль бағдарламасына кәсіби садақшылардың, көкпаршылардың, бүркітшілердің сайысы кіреді, қонақтар алғаш рет сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негіздеп жасалған батырлардың көрсетілімдік жекпе-жегін тамашалай алады, сондай-ақ батырлардың шабандоздық және атпен шайқасу өнері көрсетілетін болады.

«Жергілікті халық Астана туралы көбірек біліп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар көшпенділер тарихына үңіліп көре алады. Әрбір қонақ фестивальде этномәдениеттің көпқырлылығын сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа біліммен өздерін байытып, көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден мастер-класс алуға: киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйренуге, көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін, Ғұн, Скиф, Сармат, Тиграхауда, Массагет дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аушы құстардың сұлулығына тамсануға мүмкіндік болады»,  - делінген хабарламада.

Сондай-ақ фестиваль қонақтарына әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама әзірленеді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх