• USD 321
  • EUR 396.3
  • RUB 5.73

Қоғам

Астанадағы электрондық еңбек биржасында қалай жұмыс табуға болады

13 ақпан, 12:4143

Астаналық Халықты жұмыспен қамту орталығындағы  «Электронды еңбек биржасы» порталына тіркелу арқылы жұмысқа тұруға болады, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс іздеуші Электронды еңбек биржасы порталынан тіркеуден өтіп, өздігінше тек Астана қаласы бойынша ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бос жұмыс орындарды қарап шыға алады. Сондай-ақ, іздеу барысында өзінің жұмыс іздеуші екенін және мамандығы мен іздеген жұмысы жайлы ақпарат қалдыруға да мүмкіндігі бар. Ол үшін порталға тіркелу қажет. Атап айтқанда www.enbek.kz порталы «Электронды еңбек биржасы» – бұл жұмысқа орналасуда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бірігетін цифрлы алаң.

Айта кету керек, бүгінге дейін порталға 4602 бос жұмыс орны шықты және 2735 түйіндеме жарияланды.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Бейбітшілік к, 25, «Өркен» іскер орталығы;

Кәсіби оқыту мәселесі бойынша: +7 (7172) 95-44-16, 57-89-78.

Жастар тәжірибесі мәселесі бойынша: +7 (7172) 72-93-56.

Әлеуметтік жұмыс орындары мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-86-47

Қоғамдық жұмыс мәселесі бойынша:+7 (7172) 57-89-35

Тіркеу және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-85-41, 57-89-11, 57-86-95, 92-44-20, 26-65-19, 72-93-50.

Жұмысшыға сұраныс мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-86-88, 57-88-85, 95-42-24, 72-93-63.

Әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша: + (7172) 72-93-57, 72-93-41.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх