• USD 367.4
  • EUR 423
  • RUR 5.63

Тұрғын үй алаптары

Астанада саяжай телімдері қалай күрелетіні белгілі болды

11 қазан, 11:00108
Автор: Elorda Aqparat

Соңғы 10 жылда елордада саяжай телімдері 2,7 есеге азайды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Астанада 108 саяжай қауымдастығы бар. Ондағы саяжайлардың саны - 14166. 1998 жылы Астананың аумағында 38 544 саяжай болған, соңғы жиырма жылдың ішінде 24 378 телім босатылды.

«Қаланың ішіндегі барлық саяжай күреледі. Қабанбай батыр даңғылы бойының сол жағындағы саяжай алабы келесі жылы түгелдей алынады. Одан соң Қабанбай батыр бойымен Назарбаев Университетіне жетпей оң жағында саяжай алабы бар. Инвесторлар жерді сатып алып, күреу мәселесімен айналысып жатыр. Әрі қарай спорт нысандарының ауданындағы саяжайларды күреу көзделген. «Хан шатыр» ОСО-ның артындағы саяжайлар да күреледі. Қаланың ішіндегі барлық саяжай телімдері инвесторлардың есебінен күреледі», - деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас сәулетшісі Арсений Пирожков.

Оның айтуынша, күреудің қай уақытта жүргізілетіні әзірге белгісіз.

«Қаржыландыруға байланысты, инвесторларда ақша болған кезде, күреу жұмыстары басталады. Біз нарықтық қатынастан аттап кете алмаймыз», - деді ол.

Күрелген ескі нысандардың орнында жүргізілетін құрылыстың жоспарын мына сайттан көріп, білуге болады. Онда тек күрелетін саяжайлар ғана емес, басқа да тозығы жеткен нысандар мен олардың орнына салынатын мектеп, балабақша, тұрғын үй және т.б. бар.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх