• USD 377.5
  • EUR 425.5
  • RUR 5.59

Қоғам

Астанада мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өтеді

17 қаңтар, 10:45159
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның департаменттерімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызметтердің  жәрмеңкесін» өткізеді, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты, халық арасында мемлекеттік қызметтердің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі мен электронды мемлекеттік қызметтерді дәріптеу болып табылады. 

Жәрмеңкеге жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік қызметтер саласында қызметтері сұранысқа ие аумақтық департаменттердің өкілдері қатысатын болады.

Жәрмеңке 17 қаңтарда сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Еуразия» сауда орталығында өтеді.

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 571994.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх