• USD 374
  • EUR 425.8
  • RUR 5.63

Экономика

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 көпқабатты үй салынады

14 наурыз, 11:53209

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 1477 пәтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй кешені салынады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, тұрғын үй саласы әлеуметтік маңызға ие басты мәселенің бірі . 2018 жылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жалпы ауданы 78,3 мың шаршы метр болатын 1477 пәтерлік тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы  коммуналдық тұрғын үй  қорының кезегінде тұрған шамамен 1500 адамды баспанамен қамту көзделіп отыр», - деді Астана әкімі.

Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағасы шаршы метріне 180 мың теңгеден аспайды, бұл жекеменшік құрылысшылардың бағасынан әлдеқайда арзан.

Әсет Исекешев 2017 жылы тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші -  2,36 млн. шаршы метрдің пайдалануға берілгенін, оның ішінде 7 тұрғын үй кешені Астана әкімдігінің мемлекеттік есебінен салынғанын айтты. Бұл   1062 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 «Біз қазір қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің мемлекттік-қалалық бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатырмыз және алдағы бес жылда 5 млн шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланып отыр. Шамамен 90 % жеке инвесторлардың есебінен салынады. Баспананың қолжетімділігі өте маңызды мәселе, әрине коммуникацияны жүргізу  есебінен біз тұрғын үйдің құнын арзандатамыз. Соңғы жылы бағасы біраз төмендеді», - деді Әсет Исекешев.  

Сондай-ақ ол жаңа «7-20-50» әлеуметтік бағдарламасы баспана ипотекасының қолжетімділігін арттылып, тұрғын үй секторындағы жүктемені азайтады деді.  

«Енді елорданың әрбір жұмыс істейтін тұрғыны жеңілдетілген шартпен ипотекалық несие ала алады. Бұл тек банк секторын ғана емес, сонымен бірге тұрғын үй құрылысыны нарығын белсенді дамытуда үлкен күшке айналып, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Сол себепті жаңа жұмыс орындарының ашылуын күту керек», - деді Исекешев.

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх