• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Астанада қоқысты бөліп жинау үшін 6 мыңнан астам евроконтейнер сатып алады

17 мамыр, 17:1579
Автор: Elorda Aqparat

Ағымдағы жылы Астанада 6 275 сары евроконтейнер мен оларға қызмет көрсететін елімізде шығарылған 25 қоқыс таситын көлік сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Астана қаласының қалдықтарын басқару бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы елорда аумағына қоқыс қалдықтарын екі фракция бойынша: құрғақ және дымқыл деп бөлек жинауды енгізу көзделіп отыр.

«ҚР Энергетика министрлігінің келісімі бойынша «Оператор РОП» ЖШС 2018 жылы Астана қаласының қалдықтарын басқаруды жаңғыртуға 5,2 млрд теңге бөлініп отыр. Барлық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған жерінде құрғақ және дымқыл фракциялар деп бөлінетін болады», - деді Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында.

Мемлекеттік органның мәліметінше, қоқысты құрғақ фракция бойынша жинау үшін көлемі 1,1 м3 болатын  6 276 сары евроконтейнер мен оларға қызмет көрсететін 25 қоқыс таситын көлік сатылып алынады.

«Қазіргі уақытта «Оператор РОП» ЖШС контейнерлерді сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Аталған евроконтейнерлерді орнату жұмысы қыркүйек айының басында Есіл ауданынан басталады. Әрі қарай Алматы, Байқоңыр және Алматы аудандарында жалғасып, 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқталады», - деді басқармада.

Басқарма мамандарының пікірінше, аталған шаралар қайта өңдеуге жататын шикізатты қоқыс өңдеу кешенінде 20-30%  дейін сұрыптауға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх