• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Астанада қатты жел соғып, көктайғақ болады

09 қараша, 09:4358
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 9 қарашада көктайғақ, бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатты жел, бұрқасын болған кезде:

- мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- орынжайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх