• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Астанада инсульт алған науқастарға арналған оңалту орталығы салынады

09 қараша, 09:5965

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасында инсульт науқастарын оңалтуды ұйымдастыру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Басқарманың мәліметінше, ми-қан айналымының ауыр бұзылулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 73 орындық екі және үшінші дәрежелі инсульт орталықтары ұйымдастырылды.

Бұған қоса, денсаулықты қалпына келтіру және медициналық оңалту ем шараларын қала тұрғындары республикалық маңызы бар клиникаларда ала алады. 2018 жылдың 9 айында 8 254 адам ем қабылдады.

«Қазіргі қолданыстағы орталықтар халыққа оңалту шараларын көрсету үшін жеткіліксіз екенін түсінеміз. Осыған орай, басқарма халықтың оңалту қызметіне қол жетімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде ересектер мен балаларға арналған 200 орындық оңалту орталығының жобасын жүзеге асыруда. Жобаның жүзеге асыру мерзімі 2020-2021 жылдар», - деді басқармада.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх