• USD 377.5
  • EUR 425.5
  • RUR 5.59

Қоғам

Астанада бұрқасын болады

13 ақпан, 17:31190

Елордада алдағы екі күнде ауа-райы құбылып, бұрқасын күтілуде, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпан күні Астана қаласында құбылмалы ауа райы сақталып, қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -16…-17°С, күндіз -13...-15°С.

15 ақпан күні құбылмалы ауа райы сақталады, аздап қар жауып, жел тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -16...-18°С.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх