• USD 374
  • EUR 423
  • RUR 5.65

Экономика

Елордада аукционды блокчейн платформасы арқылы жүргізу жоспарланып отыр

16 сәуiр, 12:49180
 фото itc.uaсайтынан алынды фото itc.uaсайтынан алынды

Биылдан бастап Астанада бизнес үшін берілетін жер телімдеріне жүргізілетін аукцион электронды форматқа көшіріліп, онлайн жүргізілетін болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аукционды блокчейн арқылы жүргізу конкурсқа адамның қатысуын болдырмайды, деді Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатында «Астана» ӘКК»ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Астанада сауда орындарына конкурстар келесі түрде өткізіледі: ақпарат  Смарт Астана http://www.smart.astana.kz/, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана әкімдігі мен «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сайтында жарияланып, екі апта бойы сайтта тұрады.

«Оған кез келген адам тіркеліп, өзін қызықтырған белгілі бір участкеге өтінім бере алады. Ал егер белгілі бір участкеге сұраныс көп түссе, мысалы төрт немесе одан көп кәсіпкер бір жерге өтінім беретін болса, біз онда аукцион өткізетін боламыз», - деді Н.Жақыпов.

Оның айтуынша, бұрын аукцион адамдардың қатысуымен және бағаны көтеру әдісімен өткізіліп келген.  Яғни, кім жоғары баға ұсынса сол жеңіске жететін.

«Енді қалай өткізілетін болады дегенге келетін болсақ, оның барлығы адами факторды болдырмас үшін электорнды форматқа ауысады. Біз онда белгілі бір жерге 4-тен көп өтінім түскенін көрсек еВау халықаралық аукционы сияқты блокчейн платформасы арқылы онлайн өткізетін боламыз», - деді ол.

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх