• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Астанада ақылы автотұрақ салығы 10 есеге артады

09 қараша, 14:2175

Астанада ақылы автотұраққа салығы 10 есеге, яғни бір шаршы метр үшін 19,30 теңгеден 193 теңгеге дейін қымбаттайды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Қалалық мәслихат депутаттарының қарауына Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев автотұрақтар мен паркингтер алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкаларын бекіту туралы мәселе ұсынды.

«Автотұрақтардың келесі санаттарын орнату ұсынылады: бірінші санат – паркингтер, ақылы негізде автокөлік құралдарын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер, екінші санат – тегін негіздегі паркингтер, үшінші санат – айыппұл тұрақтары. Салықтың базалық құнын он есе ұлғайту тек бірінші санат үшін, яғни ақылы автотұрақтар үшін көзделген. 1 шаршы метрдің құны 193 теңгеге тең болады. Екінші және үшінші санаттағы автотұрақтар үшін базалық салық құны 1 шаршы метрге 19,30 теңге бағасымен қалады», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бұрынғы ставкалар 2014 жылы бекітілді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх