• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Астанада 24 аула клубы жұмыс істейді

05 қараша, 17:19263
Коллаж авторы Диас Маженов Коллаж авторы Диас Маженов

Елордада 24 аула клубы жұмыс істейді. Онда 18 жасқа дейінгі 3500-ден астам балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде, деп хабарлайды Елорда Инфо "Астана жастары" мекемесіне сілтеме жасап.

Аула клубтарындағы үйірмелер мен секциялар саны – 133. Оның ішінде спорттық секциялар – 76, шығармашылық бағыттағы үйірмелер – 57.

Клубтарда хореография, вокал, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қолөнер, мәнерлеп оқу, дебат клубы, ағылшын тілі, қазақ тілі, лего, модельдеу, домбыра, гитара, изо, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, аспаздық, тонус, фитнес микс, көркем гимнастика, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақша күрес, футбол, бокс, каратэ, дзюдо, қоян-қолтық ұрыс, теннис, кроссфит, греплинг, самбо, джиу-джитсу, таэквондо секілді үйірмелер мен секциялар бар.

 

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх