• USD 321
  • EUR 396.3
  • RUB 5.73

Қылмыс және оқиғалар

Астана тұрғынына автобуста тегін жүргені үшін 4,8 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

13 ақпан, 15:5394
Автор: Elorda Aqparat

Кезекті тексеру кезінде №51 автобус бағдарында   "Астана LRT" ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен айелді анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана LRT" ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары күн сайын қала автобустарында тексеріс жүргізеді. Инспекторлар жолаушылармен қатар кондукторлардың жолақы билетін беруін тексереді, деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.

«Кезекті тексеріс кезінде 51 автобус бағдарында департамент инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен әйелді анықтады. Куәліктің жалған екенін инспекторлар МӨТО базасында құжатты тексеру мүмкіндігінің арқасында автобустың ішінде  тұрып көз жеткізді», - деді баспасөз қызметі.

 

Инспекторлар оқиға орнына полиция шақырды. Астана тұрғынына Есіл ауданының ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

"Мемлекеттік штамп, мөр, бланкты қолдан жасағаны үшін Астана тұрғынына Қылмыстық кодекстің  385-бабының 1- тармағына сәйкес, 2 мың  АЕК мөлшеріне  (2018 жылғы ееесепте  4 810 000 теңгені құрайды ) дейінгі айыппұл салу немесе екі жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жасазы көзделген", - дейді ведомстваның баспасөз қызметі .

Астана қаласының көліктік бақылау департаментіне  2017 жылғы желтоқсанда Астана "Астана LRT" компаниясының қызметкерлері Астананың тағы бір тұрғынының осындай заңсыз әрекет еткені туралы мәлімдеген. Онда ол тұрғын жалған зейнетақы куәліктерін OLX.kz сайты арқылы сатумен айналысады. Оның әрекетіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігімен оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

«Бірнеше рет немесе алдын ала келісім бойынша топ болып дәл осындай әрекеттер жасағаны үшін айыпкерлерге төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейін (2018 ж. 9 620 000 теңге) айыппұл салынады. Немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстарына, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Көліктік бақылау департаментіне автопарктердің басшыларынан жалған жеңілдік құжатын жасаушылардың жиі кездесетіні жайлы шағым түскен.

«Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың басынан бері электронды билет төлем жүйесіне көшуге байланысты жеңілдік санатына жататын елорданың барлық тұрғындарында электронды көлік картасы болуы керек. Бірақ электронды төлем карталарымен қатар әлі де қағаз куәліктер пайдаланылып келеді және жарамды болып табылады. Біз жеңілдік санаты бар елорда тұрғындарын көлік картасын сатып алуға және оларды міндетті тіркеуден өткізіп алып, пайдалануға шақырамыз», деп еске салады  "Астана LRT" ЖШС.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх