• USD 328.5
  • EUR 387.2
  • RUB 5.4


Қоғам

Астана қалалық ІІД жұмысқа шақырады

13 ақпан, 09:22103

2018 жылдың 16 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында Астана қаласының ішкі істер органдарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Елорда инфо Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Аталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде күзет қызметі взводының полициясы, жүргізуші-полициясы, кезекші бөлімінің ӘДБ операторлары, Жедел басқару орталығы 102 операторлары сияқты және басқа да 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі - 25, "Өркен" бизнес-орталығындағы Халықты жұмыспен қамту орталығында сағат 10:00-ден 13:00 дейінгі аралықта өтеді. 

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх