• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Астана әкімдігі боран зардаптарын жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда

12 қаңтар, 09:02151
Автор: Elorda Aqparat
Барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу жүйесіне ауысты Барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу жүйесіне ауысты

Астана әкімдігі жауған қалың қар мен қатты дауылдың салдарынан орын алған зардаптарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу жүйесіне ауысты, деп хабарлайды Elorda Info.

 

«Елорда әкімдігі қалың қар мен қатты желдің салдарынан орын алған зардаптарды жою үшін жұмысын жалғастыруда. Барлық коммуналдық қызметтер 24 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты. Жолдарда жүруге кедергі келтірмеу үшін жолдар мен тротуарлар және қар тазаланып жатыр. Бұл жұмысқа  1500 маман және 1309 арнайы техника тартылды. Залалданған электрмен қамтамасыз етуші кейбір жекеленген нысандар, зақымдалған бағдаршамдар, көше жарықтандыру нысандары, аялдама кешендерінде және құрылыс қоршауларын қалыпқа келтіру, барлық қалалық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін тұтастай реттеу жұмыстары бойынша қалыпты жүйеде  жұмыс жасалып жатыр», деп жазды Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісінде.

Наверх