• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Алтай Көлгінов елорданың спорт саласы өкілдерімен кездесті

12 қыркүйек, 14:5172
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың спорт саласы өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан еліміздің бас қаласы болғандықтан қай салада болмасын алдыңғы қатардан көрінуі тиіс деп ойлаймын. Бұл ретте спорт саласының алар орны айрықша екені сөзсіз. Біз әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз. Бүгін сіздерден 16 ұсыныс-өтінішті естідім. Барлық жағдайды жан-жақты қарайтын боламыз», - деді А.Көлгінов.

Бүгінде қаладағы көптеген спорт мекемелері жаттығулар мен жарыстарды өткізу үшін залдар мен спорт кешендерін жалға алады. Мәселен, «Алатау» спорт сарайына жүзуге баратын спортшылардың айтуынша, бұл кешенде душтың өзі жұмыс істемей қалады екен. Сондай-ақ мүгедек спортшылар үшін жағдай жасалмаған, лифт істемейді. Ал «Барыс Аренадағы» жүзу бассейнінің бағасы қымбат.

«Қаланың халқы миллионнан асып кетті, бірақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері сол қалпында, тіптен қысқарды деп те айтуға болады. Ал спорт кешендерін жалға алу үшін үлкен қаражат керек. Қалада садақ ату спортының базасы жоқ. Өте ыңғайсыз, аумағы келмейтін залда жаттығуға мәжбүр. Негізінен жалға алып жаттығады. Солай болғанымен қала атынан жарысқа қатысулар Қазақстанның, Азияның чемпиондары болған», - деді Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының бас хатшысы Саят Батпенов.

Осы мәселеге орай әкім параметрі келетін спорт кешенін іздестіруді тапсырды. Бірқатар федерациялардың жетекшілері егер жер мәселесі шешілсе өздері спорт кешенін салып алуға мүмкіндіктері бар екенін айтты. Қала басшысы осы ретте федерациялардың өздерін белсенді болуға шақырып, құрылыс жүргізуге қолдау білдіретінін жеткізді.

Жиын барысында Олимпиада ойындарының жүлдегері, боксшы Марина Вольнова қала басшысына спортшыларға қолдау білдіргені үшін былғары қолғап сыйлады.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Нұр-Сұлтан қаласына Надаль мен Джоковичтің келетіні, күрестен әлем чемпионатының өтуі қала тұрғындары, әсіресе жастар мен балалар үшін үлкен оқиға болмақ. Бұл шаралар көптеген адамдардың спортқа деген ықыласын арттырады деп ойлаймын. Өз спортшыларымызға қолдау білдірейік. Ал бүгін көтерілген мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, шешімдер қабылданатын болады», - деп түйіндеді спорт өкілдерімен өткен кездесуді қала басшысы.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх