• USD 369.4
  • EUR 420
  • RUR 5.63

Тұрғын үй алаптары

Алматы ауданындағы ескі аулалар қалай өзгеріп жатыр?

13 тамыз, 17:23283

Ағымдағы жылы Астана әкімдігі Алматы ауданындағы 175 ауланы жаңартады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Алматы ауданы қаладағы тұрғындары ең көп аудан. Бұл ауданда 387 аула аумағы бар. Көпқабатты тұрғын үйлердің спорт және балалар алаңы жоқ. Осыған орай, биыл аумақтарды абаттандыру бағдарламасы аясында 175 ауланы жаңарту туралы шешім қабылданды.

«Шамамен 600 шағын сәулет мүсінін, 200-ге тарта жаттығу құралдарын, 10 футбол алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні 175 ауаның 105-і салынып бітті», - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тілеуов.  

Қалған аулалардағы жұмыс екі аптаның ішінде аяқталады. Оның айтуынша, ауданда 8 қоғамдық кеңістік аймағы, яғни гүлзарлар пайда болады. Абаттандыру жұмыстарына кіріспес бұрын, тұрғындардың пікірі мен тілегін тыңдалды.

«Жұмысты бастамас бұрын тұрғындардың пікіріне құлақ астық. Содан соң барып, ортақ шешімге келген соң,  ауланың жобасы жасалды. Тұрғындар өз аулаларында жайлы ортаны қалыптастыруға белсенді  араласады. Кейбір тұрғындар аулаларға жаңадан отырғызылған жаңа көшеттер мен ағаштарды күтіп-баптап, «иемденіп» алған», - деді Талғат Тілеуов.

Айта кетейік, абаттандыру жұмыстары ауданға қатасты тұрғын алаптарында да басталды. Мәселен, Интернациональный және Теміржолшылар тұрғын алаптарында көгалдандырылған және жарықтандырылған аулалар пайда болды.  

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх