Қоғам

Алименттік борышы бар астаналықтарға жұмыс ұсынылады 

07 қараша, 19:1437
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

136 алименттік борышкер қалалық Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп барған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Қалалық Жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмыс іздеп жүгінген 3 ай және одан да көп уақыт алименттік қарызы бар борышкерлерге бос жұмыс орындары ұсынылумен қатар, өз кәсібін ашу жолында да кеңес беріледі. 

«Оның ішінде 38 адам түрлі себеппен жұмыспен қамту орталығының еңбек делдалдығынан бас тартты. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 35 адам жұмысқа орналасты. Жұмыс іздеуші ретінде 15 адам тіркелді», – делінген ақпаратта. 

Ай сайын борышкерлердің алименттері бойынша салыстыру актісі жасалып, қалалық жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы арқылы бекітіледі. 

«Қазіргі уақытта алимент өндіріп алу туралы істердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, алимент борышкерлерінің әлеуметтік мәртебелері анықталуда. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәртебесі жоқ 526 борышкер анықталды. Олардың мәртебесін нақтылау және жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін аталған тұлғалар бізге шақырылады», – дейді орталық мамандары. 

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығы борышкерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында бірнеше қолдау түрін ұсынады. 

«Оның ішінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіптік даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, Қазақстанның заңнамалық актілеріне сәйкес аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, жеке ісін ашуға кеңес беру және тағы басқа. Сонымен қатар борышкер азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту аясында қала бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі», – делінген хабарламада. 

Айта кетсек, алименттік борышкерлермен қатар жалпы жұмыс іздеуші азаматтар Бейбітшілік көшесі, 25, («Өркен» бизнес орталығы) мекенжайында орналасқан  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. 




Наверх