• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Әскерге шақырылған елордалық жастар ҰҚҚ-ның шекара қызметіне жіберіледі

14 наурыз, 14:17101
Фото: asker.kz сайтынан алынды Фото: asker.kz сайтынан алынды

Наурыз айынан бастап Астана қаласы мен еліміздің барлық өңірлерінде бозбалалар көктемгі әскерге шақыртылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асқар Әмриннің айтуынша елордадан шақырылған бозбалалар еліміздің беделді күштік құрылымдарында борышын өтейтін болады.

«Қазіргі таңда біздің алдымызда әскерге жөнелтілетін жас толым командаларын сапалы әрі уақытында жасақтау міндеті тұр. ҚР Қарулы күштерінде, Кедендік қызметте, Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық ұланда Отан алдындағы борышын өтеу үшін көктемде елордадан 800 сарбаз әскер қатарына аттандырылатын болады деп жоспарлануда», - деді Әмрин.

Ал қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Ардақ Кукатовтың айтуынша әскер қатарына шақырылған жастардың медициналық тексерумен қатар, психологиялық дайындығы анықталады.

 «Әскерге шақыру кезінде жас жауынгерлердің денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше көңіл аударылады. Іріктеу әскерге шақырылушының құжаттарын зерделеу әдісімен де, жас жігіттің өзімен практикалық жұмыс әдісімен де жүргізіледі. Сонымен бірге, маман-психологтар азаматтарды «Ақ сұңқар» психодиагностиқалық әмбебап жүйесі арқылы тестілеуден өткізіп, психологиялық дайындығын анықтайды», - деді Ардақ Кукатов.

Айта кетейік, әскерге шақырылушылардың алғашқы тобы борышын өтеу үшін  ертең ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарында жіберіледі.

 

Наверх