• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Әсет Исекешев баспана кезегінде тұрғандар мен мемлекеттік қызметкерлерге пәтер кілтін табыс етті

17 мамыр, 11:33824

Бүгін Астанада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес салынған үйден 292 отбасы пәтерге ие болды, деп хабарлайды Elorda Info.

Кошқарбаев көшесіндегі жаңа салынған №39 тұрғын үйден баспана кезегін күтіп жүрген 146 отбасы кілт алды. Бұлар әлеуметтік жеңілдікке ие отбасылар мен  бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, ал қалғаны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі» конкурсы арқылы алып жатқан  жандар.

Тұрғын үйді әкімдіктің тапсырысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша «Мейір-М» ЖШС салған.

Бірқатар тұрғындарға пәтердің кілтін Әсет Исекешевтің өзі тапсырды. 

«Құрметті астаналықтар, бүгін - жақсы күн - қасиетті Рамазан айының алғашқы күні және шамамен 300 отбасы осы жаңа үйден баспана алып жатыр. Атап айтқанда,  146 отбасы кезек бойынша алып жатыр. Жыл ішінде барлық мемлекеттік бағдарламалармен 1000-нан астам пәтер салынады. Мен сіздерді құттықтаймын, осы үйлер сіздерге бақыт әкелсін деп тілеймін », - деді Әсет Исекешев.

Бұл тұрғын үй кешені Астана қаласының сол жағалауына Нажімеденов және Байтұрсынов көшесі арқылы баратын ыңғайлы, көлік  көп жүретін жерде орналасқан. Маңында елорданың көрнекті орындары - мешіт Хазірет Сұлтан, Ұлттық мұражай, Бейбітшілік және келісім сарайы тұр. «Астана Нұрлы Жол» жаңа теміржол вокзалына да тікелей шығу мүмкіндігі бар.

«Бүгін бізге қаланың әкімінен пәтер кілттерін алудың сәті түсті. Бұл іс-шараға өте қуаныштымын. Әрине, бұл бір күнде болған дүние емес. Біз бұл сәтті көптен күткен болатынбыз. Дегенмен бір сәтте-ақ бүгін бәрі ұмытылды. Мұндай Қолжетімді  мемлекеттік бағдарламалардың көп болғанын қалаймын және барша қазақстандықтарды бастарында өз бапаналары болса деп тілеймін», - дейді Дина Қапашева.

2018 жылы Астанада мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы ауданы 60,58 мың шаршы метрді құрайтын 6 көп қабатты тұрғын үй кешені салынады. Бірақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес 386 пәтер бөледі. Ал 677 пәтерді кезек күтіп отырғандар үшін жалға алу бағдарламасымен беру жосспарланған.

 

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде Астанада пәтер алу кезегінде 48579 адам кезекте тұр.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх