• USD 329.1
  • EUR 385.5
  • RUB 5.4


Қоғам

Әлеуметтік жеңілдікке ие азаматтарға ақылы тұрақты тегін пайдалану үшін құжаттарын реттеуді сұрайды

26 сәуiр, 10:1362

«Астананың тұрақ кеңістігін басқару» мекемесі астаналық әлеуметтік жеңілдікке ие азаматтарға ақылы тұрақты тегін пайдалану құғына ие болу үшін құжаттарын реттеуді сұрайды, деп хабарлайды Елорда инфо.

" Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап Астанадағы "Нұржол" булварында ақылы тұрақ қызметі іске қосылды. Ақылы тұрақты тегін пайдалану құқығына ие азаматтар санатына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өздері үшін арнайы орындар белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері жатады, - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған азаматтар жеңілдікке ие болу құқықтарын жұмыс күндері Шарль де Голль көшесі, 1а үйге келіп, рəсімдеуге тиісті. Ол үшін өзіңізбен бірге куәлік, жеңілдікке ие екенін растайтын құжаттар және көліктің техникалық куәлігін әкелу керек және рәсімдеу уақыты таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүреді. Егер мұндай жеңілдіктерді рәсімдеп үлгермеген қала тұрғындары, өз мекенжайларына, көлік тұрағы ақысын төлемегені үшін айыппұл салынғаны туралы ұйғарым келген жағдайда, бұл мәселені сот арқылы шешулеріне тура келеді.

Толық ақпарат алу үшін 8-800-080-28-88 телефонына (Астана уақытымен жұмыс күндері 8-00 ден 20-00-ге дейін) хабарласуыңызға болады.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх