• USD 328.5
  • EUR 402
  • RUB 5.85

Экономика, Әкімдік, Қала тіршілігі

ҚР Премьер-министрі «Нұр Әлемді» аралады

11 қараша, 16:42118

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралык мамандандырылған көрмесінің бас ғимараты болған «Нұр Әлем» нысанында болды. Үкімет басшысы мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ғимараттың 8 қабатына шығып, Астананың болашағы жөніндегі экспонаттарды аралап шықты, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі.

Ахметжан Есімов Премьер-министрге ЭКСПО-2017 аумағының алдағы жоспары туралы баяндады. Айта кету керек, ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы "Нұр Әлем", Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды бірқатар нысандар туристік орын ретінде қайта ашылды. Бұл тұрғыда астаналықтар мен қала қонақтарына 11-12 қараша күндері туристік орындарды тегін аралауға мүмкіндік қарастырылған.

Ал ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы басқа ғимараттар "Астана" халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық "Жасыл" технологияларды даму орталығына және Халықаралық ІТ-сараптар технопаркіне берілмек.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх