• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Саясат, Қоғам

7 қараша күні Астанадағы ескі вокзалдың автотұрағына кіру тегін болады

06 қараша, 14:21121
Автор: Elorda Aqparat

Ескі теміржол вокзалының автотұрағына кіру уақытша тегін болады, деп жазды Astana LRT Facebook-тегі ресми парақшасында.

2017 жылғы 7 қараша күні 09:00-ден 23:00-ге дейін Астана қаласының ескі теміржол вокзалының көлік тұрағындағы төлем қабылдау жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған орай тұраққа кіру және шығу жолдары ашық болады, яғни шлагбаумдар көтерулі тұрады, көлік қозғалысы шектелмейді», - делінген компанияның хабарламасында.

Компания тұрғындардан тұраққа кіру немесе шығуға байланысты қиындықтар туындаса, сондай-ақ басқа да мәселелер жөнінен 574-777 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Наверх