• USD 386.5
  • EUR 435.9

Мәдениет, Рухани жаңғыру

Кітапханалар арасында онлайн жүйесінде «Бір ел - бір кітап» атты республикалық акция өтті

18 қазан, 15:21635

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының онлайн жүздесуі өтті.

Биыл аталмыш акция таңдауы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түскені белгілі. Қос қала кітапханаларының ұжымы мен оқырмандары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы пікір алысып, өлеңдерің оқыды.

Олардың арасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Бекен Қайратұлы, «Жас өркен» оқу орталығының әдіскері Айжамал Көпеева, №48 мектеп-лицейі оқушылары мен Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері, мектептер мен оқу орталықтарының мұғалімдері мен кітапханашылар болды.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында осыдан 21 жыл бұрын сол кездегі жас журналистер мен ақындарды топтастырған «БОТА» (Білімпаздар. Ойшылдар. Тапқырлар. Алғырлар) клубы құрылды. Содан түлеп ұшқан ақын, «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалінің лауреаты Руслан Нұрбай клубтың сол кездегі жастарға әсері, бүгінгі тынысы туралы әңгімелеп, өткен жылдардан естелік ретінде «Тал қармау» атты өлеңін оқып берді.

Жүздесу соңында Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық  жасөспірімдер кітапханасының басшысы Нұргүл Қаденова белсенді атсалысқан оқырмандарға алғыс айтып, осындай кездесудің маңызы туралы ойларымен бөлісті.

 

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Наверх