• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Спорт

АСТАНАДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

10 қазан, 11:40144
Автор: Elorda Aqparat

27 қазан күні Астанада қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталады.

 

Былтыр ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген қазақ күресі әлем елдеріне кеңінен танылып келеді. Соның бір айғағы – Астанада жалауын желбірететін байрақты бәсекеге дүние жүзінен 40 мемлекеттің палуандары келеді. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун секілді елдер бар.

Әлем біріншілігі 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді. Алдымен 27 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу және жеребе тастау шарасы болады. Ал нағыз майдан 28-29 қазан күндері «Барыс-Арена» мұзайдын сарайында өтеді.

Алғашқы күні 55, 90, 100, 100+ салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түссе, келесі күні 60, 66, 74, 82 және абсолютті салмақты тартатындар тартысады.

Наверх