• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Қоғам

95 жылда Қазгидромет алғаш рет өз есігін келушілерге ашады

12 наурыз, 20:1647

95 жылда Қазгидромет алғаш рет өз есігін келушілерге ашады

12 және 13 наурызда Қазгидромет Астана тұрғындары мен қонақтарын Ашық есік күніне шақырады. Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің заманауи қоғамдағы рөлін түсіндіру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің «Elorda Aqparat» медиа-порталы.

«Қазгидромет қызметкерлері экскурсия жүргізеді, онда ауа-райы қалай жасалатынын, Қазақстан климатының қалай өзгеріп жатқанын, су тасқынынан не күтуге болатынын, басқа да көп ақпарат айтылады. Қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады, ал ең белсенді қатысушылар сыйлыққа ауа-райын алады», - деп хабарлайды Қазгидромет.

Қонақтар Қазгидромет мамандары пайдаланатын заманауи құрал-жабдықтармен танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, фойеде 20-шы ғасырдың мұражай экспонаттары – құрал- жабдықтар мен аспаптар, мұрағаттық құжаттар мен суреттер ұсынылады.

Кіру тегін.

Жұмыс тәртібі:

Жексенбі, 2017ж. 12.03. экскурсия сағат 11:00 ден 17:00 дейін, түскі асқа үзіліссіз, әр сағат сайын өтеді, соңғы экскурсия сағат 16:00 өткізіледі.

Дүйсенбі, 2017 ж. 13.03. экскурсия сағат 11:00 ден 17:00 дейін әр сағат сайын, 13:00 ден 14:00 дейін түскі ас, 16:00 соңғы экскурсия өтеді.

Мекен-жайы: Орынбор к. 11/1 (Мәңгілік елі 11/1).

Наверх