• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Қоғам, Әкімдік

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін елордалық ардагерлер кеңесі қолдайды

13 қыркүйек, 15:57119
Автор: Elorda Aqparat

Олардың пікірінше бұл ел тарихы үшін маңызды оқиға. Латын əліпбиіне көшу ел азаматтарына бір қадам алға басуына мүмкіндік береді. Адамдар шетелде жүріп еркін бағыт-бағдар таба алады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов Президенттің бұл бастамасын толығымен қолдайды. -Сөзсіз, мен Елбасыны қолдаймын Біздерге, ардагерлерге жаңа əліпбиді үйрену қиын болады. Бірақ біз меңгеруге тырысамыз. Өйткені бұл мемлекет игілігі үшін аса қажет, - дейді ол. Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда қазақ əліпбиінің латынға көшуі бойынша жобасын құруды тапсырды.

Наверх