• USD 328.5
  • EUR 402
  • RUB 5.85

Өмір, Қоғам, Экономика

Жеделсатыны алмастыру шығындарының 70 % мемлекет қаржыландырады

25 мамыр, 13:4583

Жеделсаты компаниялары қондырғыны монтаждауға жұмсалған қаржының 30  пайызын жеделсаты компаниялары өз мойнына алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Қаржыландыру ТКШ жаңғырту бағдарламасының МЖМК аясында қайтарымды қаржы есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлады Астана қаласы Тұрғын үй инсекциясының басшысы Әлихан Қуатбеков.

«Жеделсатының сатып алу құнын азайту үшін жаңғырту бағдарламасы енгізілді. Қайтарымды қаржының есебінен жыл сайын 5-7 жеделсатыны жаңасына ауыстырамыз. Тұрғындар ол қаржыны 7-10 жыл ішінде ай сайынғы төлем арқылы қайтарады», - деді Ә.Қуатбеков.

Оның атап өтуінше, 1-2-ші қабатта тұратын тұрғындар жеделсатыны ауыстыруға қажетті қаржыны төлеуге атсалысуы керек.

«Қалған 30 пайызын жеделсаты қондырғысын орнату, монтаждау және жөндеумен айналысатын компаниялар өтейді. Жеделсаты компаниясы мен тұрғындар арасындағы келісім шарт бес жылға жасалады. Осы аралықта компания қондырғының пайдалануға жарамды болуына кепілдік береді», - деп атап өтті инспекция өкілі.

Сондай-ақ жеделсатыны пайдалану үшін жасалған төлемдер қондырғының қызметі мен күтіміне жұмсалатынын айтты.

Бір ғана жеделсаты қондырғысын алмастыру құны 7-ден 12 млн.теңгені құрайды. Бұған қоса қондырғының құнына тұрғын үйдің неше қабаттан тұратындығы да әсер етеді. Ең арзан жеделсаты қондырғысы 7-7,5 млн. теңге тұрады.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх