• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Экономика

Балық пен етті қолжетімді бағамен жәрмеңкеден сатып алуға болады

12 мамыр, 12:1424
Автор: Elorda Aqparat

ОҚО, БҚО және Атырау облысының фермерлері елорда жәрмеңкесіне өз өнімдерін қояды, деп хабарлайды Elorda.info.

13-14 мамырда Астанада «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрақ аумағында (Қ.Мұңайтпасов көшесі, 7) Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Фермерлер елордаға үш жүз тоннаға жуық өнім алып келді, оның ішінде ет пен ет өнімдері, көкөніс, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, шұжық өнімдері мен бал бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-15% төмен болады.

Астанада бір жыл ішінде екі жүзден астам ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.

Наверх