• USD 321
  • EUR 397.2
  • RUB 5.72

Құқық

Н.НЫҒМАТУЛИН: ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - 2014 ЖЫЛЫ ДА МӘЖІЛІС ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ БОЛМАҚ

25 желтоқсан, 17:1055

Нигматулин Бүгін Мәжілістің осы жылғы соңғы отырысы өтіп, бірқатар заңнамалық құжаттар мақұлданды. Сонымен бірге,  депутаттар бастамашы болған ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерге қатысты тағы бір заң жобасы жұмысқа қабылданды.   Өткен 2013  жылдың жұмысына қорытынды жасай келіп, Мәжіліс Төрағасы алдағы 2014 - жылы да Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударылатындығын атап өтті. Санды мәліметтерге жүгінсек, 5 – шақырылымның үшінші сессиясы барысында 16 жалпы отырыс өтті, онда 36 заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жіберілді. Оның 18-і Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттарды және келісімдерді ратификациялауға қатысты. Үшінші сессия басталған төрт ай ішінде 19 заңға Елбасының қолы қойылды. Жалпы айтатын болсақ, осы шақырылым жұмысын бастаған 2012 -  жылдың қаңтар айынан бері, Мәжіліс депутаттары 170 заң жобасын мақұлдады, оның 153-не Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енді. Халық қалаулыларының әсіресе, заңнамалық бастамалар бойынша айрықша белсенділігінің арқасында осы жылы депутаттардың өздері әзірлеген құжаттар саны арта түсті. Мәселен мәжілісмендер, 21 заң жобасына бастамашы болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық көрсеткіш. Нұрлан Нығматулин әріптестерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысты ауқымды заңдық жұмыстарды қолға алу міндеті тұрғанын тілге тиек етті.    

Наверх