• USD 326
  • EUR 398.7
  • RUB 5.81

Қоғам

Астаналық 750-ден астам жасөспірім Қазақстанның ҚК қатарын толықтырады

05 мамыр, 11:0527
Автор: Elorda Aqparat

Жұма күні елордада Қазақстанның қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Қорғаушы атағына лайық бол!» атты шара өтті, деп хабарлайды Elorda.info.

Шара аясында әуе қорғанысы күштері қатарында жедел қызмет етуге шақырылған жиырма жасөспірімді шығарып салу салтанатты рәсімі болды.

«Шараға қала әкімі Әсет Исекешев, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев, сонымен бірге, мектеп, колледждер мен лицейлердің оқушылары, әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен қала жастары қатысты», - деп хабарлады қалалық қорғаныс істері департаментіндегілер.

Қазақстанның қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар қатарына көктемгі шақыру барысында Астанадан 750-ден астам жасөспірім аттанады.

Наверх