• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Құқық

НАҚ-НАҚ

19 тамыз, 09:4565

Эфирде – «EXPO-2017»

«Kazakh TV» арнасынан «EXPO-2017» жаңа жобасы көрсе­ті­леді. Ауқымды көрмеге елдің қалай дайындалып жатқанын көрсететін соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері мен қызықты фактілерді әр бейсенбі күні тамашалай аласыздар.

Жастарға кеңес береді

Астана түбіндегі «Интернациональный» кентінде алғашқы «Жастар кеңес орталығы» ашылды. Орталық бірнеше бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда, келушілер жұмысқа орналастыру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, психологиялық және заң кеңестерін беру және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мәселелері бойынша кеңес ала алады

Жол қозғалысы шектеледі

Елордадағы Сарыарқа көпірі және соның астындағы көлік қоз­ға­лысы жөндеу жұмыс­та­рына бай­ла­нысты 10 қыр­күйек­ке дейін шек­теледі. Астана қала­сы­ның Жол полициясы басқар­ма­сы жүр­гі­зу­­ші­лерден жолдарда кептеліс тудырмас үшін жүрер бағыт­тарын алдын ала жоспар­лау­ды сұрайды. Автокөлік иелері­не ақпарат беру үшін жол­дарға қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады.

Контрафактілі өнімдер тәркіленді

Астаналық полиция қызмет­кер­лері «Контрафакт» жедел­-ал­дын алу іс-шарасының бары­­­сын­да бір тәулік ішінде 5 мың­ға­ жуық кон­тра­фактілі диск тәр­кі­леді. Рейд кезінде аудио және бей­не­өнім­дерді сату орындары,­ ком­пью­терлік клубтар мен компью­терлік техника сататын фирмалар тексерілді.

Сансөйлем

Биылғы жеті айда Астанада осынша пәтер пайдалануға берілді

Кеше...

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Ата Заң күніне орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғарамен кездесу ұйымдастырды.

Бүгін...

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Астана - арман қала» көрмесі жалғасады.

Ертең...

Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақстанның тұңғыш суретші-әйелдері» көрмесі өтеді.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Наверх