• USD 327
  • EUR 398
  • RUB 5.83

Құқық

НАҚ-НАҚ

23 сәуiр, 09:2451

Ардагерлерге жеңілдік жасалады

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері қалаларына әуеқатынаста 100% жеңілдік жасалады. Жеңілдікті «Эйр Астана» АҚ мен «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ ұсынып отыр.

«AstanaInvest 2013»

2013 жылдың 24 мамырында Тәуелсіздік сарайында «AstanaInvest 2013» IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Іс-шара дәстүрлі Астана экономикалық форумы бірыңғай алаңында өткізіледі.

«EUROMATH 2013» конференциясына қатысты

Астананың студенттер командасы Швецияның Гетеборг қаласында өткен «Шығармашылық және ерте жастағы инновация» Еуропалық «EUROMATH 2013» математика конференциясына қатысты. Онда Қазақстан астанасының намысын 15 студент қорғады.

Үздік дәрігерлер Финляндияға барады

Мамыр айында Финляндияға үздік дәрігерлер мен медбикелер отбасылық медицина және медбике ісі бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі. Мұндай шешім «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибе орталығына фин делегациясының келуі аясында қабылданды.

Кеше...

Тәуелсіздік сарайын­да «ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінің ең үздік эскизидеясына арналған конференция өтті.

Бүгін...

Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында сағ.14.00-де «Ертегілер әлемінде» атты балалар мерекесі өтеді.

Ертең...

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында И.Кальманның «Марица» опереттасы қойылады.

Сансөйлем...

Осы маусымда Астанада 115 шақырым жолға жөндеу жүргізіп, оның ішінде 40 шақырым жолды жаңадан салып, - 35,6 км жаңалап, 17 км жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарына тартылған 21,8 км жол бөлігі аяқталады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

 

Наверх