• USD 326
  • EUR 399
  • RUB 5.8

Қоғам

Астанада Күмісбеков көшесіндегі алтыжолақты жол құрылысы басталды

25 сәуiр, 16:4062
Автор: Elorda Aqparat

Астанадағы ең күрделі жолдардың бірінің құрылысы басталды, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің «Elorda Aqparat» медиа-порталы.

«Күмісбеков көшесіндегі жолдың құрылысын ақыры бастадық. Жолды күзге дейін ашуды, қарашаға дейін аяқжолдар мен абаттандыру жұмыстарын толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алты жолақ, Кенесарыдан Бөгенбай батырға дейін», - деп жазды Ә.Исекешев Facebook-тағы өзінің парақшасында.

Өз кезегінде, "Сарыарқа" ауданының әкімдігі Facebook-та Күмісбеков көшесіндегі жолдың құрылысы ұзақ уақыт әзірленгендігін жазды.

«Жобаны іске асыру жоспарына сәйкес, 24 сәуірде жолдың Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінің құрылысы басталды, екі аптадан кейін жолдың Кенесары көшесінен Абай көшесіне дейінгі қалған бөлігінің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Күмісбеков көшесіндегі жол осы жылдың тамыз айының соңына дейін ашылуы тиіс. Аяқжолдар салынып, көшелер жарықтандырылып, толық абаттандырылған жолдың құрылысын биылғы жылы күзде аяқтау жоспарланып отыр.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх