• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Экономика

Астанада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі маусымын Түркістан облысы ашады

21 маусым, 17:38364

Астанадағы биылғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі маусымын 23-24 маусым күндері Түркістан облысы ашады. Түркістан облысынының аграрийлері 286 тонна ауылшаруашылығы өнімін сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі маусымның 23-24 күндері «Қазақстан» спорт кешенінің тұрақ аймағында өткізіледі.

«Жәрмеңкеге 50 астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 122,8 млн.тг құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде: ет  және ет өнімдері - 65  тонна, көкөніс - 101  тонна, сүт өнімдері - 18 тонна, жеміс-жидек - 23 тонна, жұмыртқа - 20,0 мың дана,  балық - 6 тонна, бал - 5 тонна, кептірілген жеміс - 5 тонна, түрлі консервілер - 4 тонна және 41 тонна басқа да өнімдер сату жоспарналып отыр», - деді басқармада. 

Биыл елордада ел өңірлерінің қатысуымен 20-дан астам ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр.

«Елорда тұрғындарының азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау үшін жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Ондағы тауар бағасы қала базарларындағы бағадан 10-15% төмен болады», - деді Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында. 

Астананың 20 жылдығы аясында Түркістан облысының қатысуымен елордада 5 ауылшаруашылық жәрмекесі өткізіледі. 

«Осы аралықта оңтүстіктің шаруалары елордаға 14 753 тоннаны құрайтын  ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтеді. Бұл мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх