• USD 328
  • EUR 404
  • RUB 5.5

Спорт

Сәдуақасова елорданың балалар үйінде шахмат секциясын ашады

16 сәуiр, 12:2028
Фото Facebook желісінен алынды Фото Facebook желісінен алынды

Астана қаласының балалар үйінде грэпплинг пен шахмат секциясы ашылады. Бұл туралы ҚР Грэпплинг ассоциациясының президенті Қанат Алин  Facebook желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы жетекшісінің орынбасары Ч.Қожахметов және «Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы» атқарушы директоры Айнұр Өтешовамен бірлесіп, Астана қаласының балалар үйіне барған кезде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап грэпплинг және шахмат секцияларын ашу туралы келісімге қол жеткіздік», - деп жазды Қанат Алин.

Оның сөзінше, балалар үйінің басшылығы спорт ұйымының «Мектеп лигасы» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы ұсынысын қолдаған.   

«Грэпплингпен жаттығу үшін берілген ғимаратты Қазақстан Респубикасының грэпплинг ассоциациясы өзінің серіктестерімен бірлесіп қажетті спорттық құралдармен жабдықтайтын болады. Сондай-ақ білікті жаттықтырушылар құрамы да ассоциация тарапынан қамтамасыз етіледі. Еліміздің жалпы білім беру мектептерінде тегін грэпплинг секцияларын ашу жобасы табысты жүзеге асырылып жатыр», - деп жазды Грэпплинг федерациясының президенті.

Бұған қоса, Қанат Алин отандық кәсіпкерлерді ҚР грэпплинг ассоциациясының әлеуметтік бастамасын қолдап, салауатты ұрпақты тәрбиелеуге бірлесіп күш салуға шақырды.


Наверх