• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Мәдениет

Астана қаласының Қуыршақтар театры Малайзиядан үш бірдей сыйлықты олжалады

15 қараша, 17:33280

 Малайзияның Борнео аралында өткен «Тропикалық орман-2017» дүниежүзілік қуыршақтар карнавалынан олжалы оралды. Астаналық театрдың қоржынына «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік көркем декорация» және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» аталатын үш бірдей сыйлық түсті, деп хабарлайды Елорда инфо.

Елордалық әртістер карнавалға «Менің салған суретім» атты қойылымды ұсынды. Қойылым авторы – Қуыршақтар театрының қоюшы-режиссері Айжан Салаева.

Биылғы 1-8 қыркүйек аралығында Астанада 47 мемлекеттің театрларының қатысуымен қуыршақтардың дүниежүзілік карнавалы өткен еді. Астаналық театр тура сол шара уақытысында Борнеодағы карнавалға шақырту алды.

Малайзияда өткен фестивальге елордалық Қуыршақ театрынан басқа, Италия, Испания, Чехия, Бельгия, Польша, Финляндия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Тунис, Жапония, Қытай, Үндістан және Ресей мемлекеттерінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

 Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Наверх