• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қылмыс және оқиғалар

ШҰҒЫЛ: Астанада өрт кезінде зардап шеккен бойжеткенге ота жасалып жатыр

13 наурыз, 16:11175
Фото Астана қаласының ТЖД алынды Фото Астана қаласының ТЖД алынды

Сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккен 1994 жылы туған бойжеткен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір оған ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес өрт орнынан әйел адам мен баланың мәйті табылды. Қазір қаза тапқандандың жеке басы анықталып жатыр.

Өрт кезінде   1994 жылы туған бойжеткеннің оң жақ аяғының төменгі жағы сынып ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір зардап шеккен қызға ота жасалып жатыр.

«Қазір оны шұғыл түрде ота жасауға алып кетті. Науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетіліп болған соң, оның жағдайына қатысты дәрігерлер сұхбат беретін болады», -  деді ауруханада.

 Айта кетейік, бүгін Астананың оүтүстік-шығыс ауданында орналасқан үш қабатты коттедждің бірінен өрт шыққан болатын. Ғимараттың бірінші қабатында көліктерге техникалық қызмет көрсететін станса, екінші қабатында қойма, ал үшінші қабатында тұрғынжай болған. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-нің 30-дан астам маманы жұмылдырылды. 

Наверх