Фоторепортаж

Полицейлерді шетелден келген туристермен қазақы салт бойынша қос қолдап амандаспауға кеңес берді

ЭКСПО қарсаңында құқық қорғау органдары туристермен байланысты нығайту мақсатында ағылшын тілін меңгеруді бастап кетті, деп хабарлайды Elorda.info.
Қазірдің өзінде жүз елуге жуық полиция қызметкері ағылшын тілін үйренуді бастап кетті. Олар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің аумағындағы тыныштыққа жауап береді.


Сәуір айында басталған тіл үйрену науқаны көрме соңына дейін жалғасатын болады.
Полиция қызметкерлері қазірдің өзінде шетелдік қонақтармен қарапайым сұрақ қойып, әңгімелесуді бастап кетті. Басты мақсаттары – туристерге қол ұшын беру.


«Біз қазір полиция қызметкерлеріне қарапайым әңгімелесуге машықтауды бастап кеттік. Мәселен, олар қайдан келгенін, жағалау мен «Байтерек» монументіне қалай жол сілтеу керек екенін үйреніп жатыр», — дейді Elorda.info тілшісіне сұхбат берген оқытушы Гүлнар Әменова.
Сонымен қатар шетелдік туристермен байланысты нығайту мақсатында басқа да курстарды оқып жатқан полиция қызметкерлерінің саны 167-ге жетті.


«Курстың мақсаты – шетелдік туристермен қарым-қатынас жасауды жақсарту. Қазірдің өзінде құқық қорғау қызметкерлері Еуропа, Азия, Солтүстүк, Оңтүстік Америка және басқа да елдердің туристеріне арналған этиканы үйреніп жатыр», — дейді курс оқытушысы Сәуле Бекмағанбетова.
Курс оқытушылары құқық қорғау қызметкерлеріне шетелдіктермен амандасу кезінде қазақы салтпен қос қол ұсынбауға кеңес берді.


«ЭКСПО-2017» көрмесіне қызмет көрсетуге арналған бұл курс ақысын тікелей елорда әкімдігі өтеп отыр.

Close