Темекіден арылу – қатерлі ісікке ұшырау ықтималдығын азайтады

15 қазан, 18:14105
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиядағы Дүниежүзі көшбасшылары Саммиті өз жұмысын бастады. Саммит аясында онкологиялық ауруларды алдын алу мәселелері, сол бағытта қол жеткен жетістіктер талқылануда. Елорда инфо тілшісі Иорданияның Жоғары мәртебелі Ханшайымы, Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) Президенті Дина Майредтен сұхбат алды. Дина Майредтің пікірінше, Қазақстанда қатерлі ісікпен күресудің барлық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Ханшайым UICC ұйымы және оның қызметі жайлы сөз қозғады.

Дина Майред Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) Президенті

-Сіздің пікіріңізше, әлем деңгейінде онкологиялық аурулармен күрес жүргізу үшін қандай жағдайлар қажет?

Бұл өте ауқымды тақырып. Өз ойымды үш сөзбен білдіргім келеді: қатерлі ісікпен күресу үшін саяси бақуат, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру және жүйелеу жұмыстарының болуы міндетті. Сондай-ақ, біз әділет пен теңдік арқылы осының бәріне қол жеткізетінімізге сенімді болуымыз керек.

-UICC қызметі туралы сөз қозғасаңыз?

Нұр-Сұлтандай әсем қалада болу мен үшін үлкен абырой. UICC – онкологиялық аурулармен күреске бағытталған әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі. Біздің ұйымда 177 елден келген 1177 астам қатысушылар бар.

Осы бөлмеде жиналған адамдарға назар салсаңыз, әртүрлі салада қызмет ететін адамдарды байқайсыз. Ең бастысы бәріміздің мақсатымыз бір - қатерлі ісікпен күресу.

Сол ретте бүгінгі саммитке қатысушылар үлкен мүмкіндікке ие болып отыр.  Ең алдымен, саммиттің жұмысына ат салысуға, содан білім алуға, тәжірибе жинауға және біздің идеямызды насихаттап, өз елінде обырмен күресуге септігін тигизеді.

-Қазақстандағы обырға қарсы күрес жайлы ойыңыз қандай?

Біз бүгін осы мәселені Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесу барысында талқыладық.

Сіздер Қазақстанда қатерлі ісікпен күресу үшін қаражат жинап, обырға қарсы медициналық дәрі-дәрмектерді толтырып жатқандығыңызды атап өткім келеді. Инвестициялар жалғасуда, сіздерде онкологиялық орталық жұмыс жасайды, сәулелік терапия жүргізіледі.

Әрине, бұл үдеріспен барлық аймақтарды қамту үшін уақыт қажет. Сонда ахуал біршама өзгереді, бірақ мені қуантатын жайт - бұл елдеріңіздегі саяси жағдай. Өйткені, жоғарыда айтқанымдай, қатерлі ісік ауруымен күресте ең маңыздысы - саяси бақуаттың болуы.

Ең маңыздысы - мемлекеттің қатерлі ісік ауруын қаржыландыруға шешім қабылдауы.

Сондай-ақ, мен Қазақстанда жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтуды арттырғалы жатқандығынан хабардармын. Сізде медициналық қызметтерді қамтитын пакет бар, бірақ сіздер қызметтердің санын арттырғыңыз келеді. Әрине, бұл жақсы хабар.

Аталмыш емдеу процесі (медициналық қызметтер пакеті) әр пациентке Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан бөлек, өзге қалаларда да көмек алуға мүмкіндік береді.

-Онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдардың санын азайту үшін не істеу қажет?

Айтарым - темекіге қарсы күрес қатерлі ісіктен аулақ болуға бір қадам. Мен темекінің денсаулыққа зиян екенін қайталаудан жалықпаймын. Иә, біз емдеуге қаражат салғымыз келеді, миллиондаған қаражат салып та жатырмыз, бірақ темекімен қалай күресу керектігінен бейхабармыз.

Біз қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастардың жаңа шеңберін құрмауға тиіспіз, өйткені оның зардаптарын жою үшін көп қаражат жұмсаймыз. Егер қандай да бір ел темекіні пайдалануға рұқсат берсе, онда темекі шегудің барлық нормалары көрсетілген халықаралық конвенцияға сәйкес оны қолдануы қажет.

Ең дұрысы, біз темекіден арылуымыз қажет.

-ГМА-өнімдері таралған, экологиялық проблемалары бар әлемде салауатты өмір салтын қалай ұстану қажет?

Алдымен денсаулығымызға қамқорлық жасауымыз керек. Мемлекет өз тарапынан қолдау көрсетуі керек, мысалы, қоғамдық орындарда, мейрамханаларда темекі шегетін бөлмелерді бөлу және т.б. Әрине, салауатты өмір салтын ұстаныңыз: дұрыс тамақтаныңыз, жаттығу жасаңыз. Мен медициналық қызметтердің таяудағы бірнеше жыл ішінде жақсаратындығын күтемін, бұл өз кезегінде біздің өмірімізді жақсартады.

 

 

Әсел ИБАДУЛЛА



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 





Наверх