• USD 363
  • EUR 413.3
  • RUB 5.5

Бәрі бизнес жайында: «Астана» ӘКК ҰК» АҚ - елордадағы кәсіпкерліктің дамуы туралы айтылды

16 сәуiр, 11:55474

«Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасының операторы болып табылады. Бүгінгі күні бағдарлама бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің қолданысына 630 жер телімі берілді. Бұл елордаға бизнесті жүргізудегі үздік өңір атағын алуға мүмкіндік береді. Осы және Астанадағы кәсіпкерлік туралы өзге мәселелер жөнінде Елорда Инфо тілшісінің «Астана» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтан алған сұхбаттан оқи аласыздар.

Нұрлан Жақыпов«Астана» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Н.Жақыпов:

- Біз бүгінде үздік өңір болып танылдық. «Көше саудасына 1000 орын» бағдарлама бойынша 1,5 мың жұмыс орны ашылды. 1 миллиардтан астам жеке инвестиция тартылды. Бюджетке қосымша түсім қамтамасыз етілді. Салыстырмалы түрде «Тұлпар тальго» зауыты 400-ден астам жұмыс орын беріп отыр, ал электровоз өндірісі жөніндегі зауыт 700-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Ал Президенттің сынына келетін болсақ, сауда орындарына конкурстар келесі түрде өткізіледі: біз ақпаратты Смарт Астана http://www.smart.astana.kz/, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана әкімдігі мен «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сайтында жариялаймыз. Ақпарат екі апта бойы сайтта тұрады, оған кез келген адам тіркеліп, өзін қызықтырған белгілі бір учаскеге өтінім бере алады. Ал егер белгілі бір учаскеге сұраныс көп түссе, мысалы төрттен көп кәсіпкер бір жерге өтінім беретін болса біз онда аукцион өткізетін боламыз. Бұрын аукцион адамдардың қатысуымен өткізілетін. Ол үшін үлкен зал жалға алынып, оған 100-ге жуық адам келіп бағаны көтеру әдісімен аукцион өткізетін. Адамдар қолдарындағы нөмірлерін көтеріп, кім жоғары баға ұсынса сол жеңіске жететін. Енді қалай өткізілетін болады дегенге келетін болсақ, оның барлығы адами факторды болдырмас үшін электорнды форматқа ауысады. Біз онда белгілі бір жерге 4-тен көп өтінім түскенін көрсек еВау халықаралық аукционы сияқты блокчейн платформасы арқылы онлайн өткізетін боламыз.

Тілші:

- Яғни, сіз анықтамалар мен конкурстың нәтижесін қолдан жасауға болмайды дейсіз ғой?

Н.Жақыпов:

- Иә, себебі онлайн құжатты қолдан жасамақ түгелі, адамның қатысуы деген болмайды.

Тілші:

- Өткен жылы сіздер көше саудагерлеріне бірыңғай жұмыс формасын кигізген едіңіздер. Сол кезде ӘКК ол форманы қолдан жасау мүмкін емес, себебі арнайы логотип жасалды деп еді. Кәсіпкерлердің сол формасын қолдан жасағандар болды ма?

Н.Жақыпов:

- Өкінішке қарай, заңсыз сауданың элементі бар. Заң шеберінде жұмыс істейтін дүңгершектердің жанына рұқсатсыз дүңгершек орнатып алу оқиғалары көп болады. Қалай екені белгісіз, әйтеуір саудамен айналыса бастайды. Шағым түскенде тиісті құқыққорғау органдарымен тексеріс жүргіземіз. Сол жерде ескерту жасап, көшедегі заңсыз сауданы тоқтату үшін шара қолданамыз. Тексеруге шығып, акт толтыру үшін әкімдік өкілі, полиция, ӘКК, аудандық әкімдік және т.б.тұратын комиссияны жинау керек. Комиссия белгілі бір жерге барып, заңсыз сауда фактісін тіркеу үшін түрлі мемлекеттік органдардан қаншама адамды күнделікті маңызды жұмысын бөлуге тура келеді. Енді бұл мәселені де жеңілдетуді жоспарлап отырмыз. QR-кодтар жүйесі аталған тәжірибені азайтуға мүмкіндік береді. Кез келген полиция өкілі смартфон немесе басқа да электронды құралымен QR-кодты тексеріп, сауданың заңды немесе заңсыз екенін анықтай алады. Егер QR-код жоқ болса, сауда-саттықтың заңсыз екені анықталады, сол кезде заң шеңберінде ол нүктені жабу үшін тиісті шараларды қабылдай алады.

Тілші:

- Ол коддарды қолдан жасау немесе заңсыз иемдену мүмкін бе?

Н:Жақыпов:

- QR-кодтардың артықшылығы неде? Олардың әрқайсысы бірегей және оны қолдан жасау мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, ғылыми-техникалық прогресс пен цифровизацияның өнімін пайдалану арқасында адами факторды болдырмауға тырысып, бұны қала мен қоғамның пайдасына жаратамыз.

Тілші:

- Астанада сауда алаңы бар жылы аялдама павиьлондарын орнату жоспарланып отыр. Тіпті, алғашқы павильонды орнатып та үлгерді. Осы орайда, аталған павильондарындағы сауда орындары қалай бөлінеді және беріледі деген сұрақ туындайды?

Н.Жақыпов:

- Жылы аялдамалар бойынша жағдай келесідей: оған қатысты ереже бекітіліп жатыр. Олар «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы ережесінің баламасы болады. Қалаға 200-ге жуық жылы аялдама павильоны қажет. Оның 55-і бюджет есебінен орнатылады, ал қалғанын біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі есебінен орнатуға тырысамыз. ӘКК жер телімін ұсынып, құқығын белгілеуші барық қажетті құжатты алуға көмектеседі, ал инвестор-бизнесмен аялдама павильонын орнатады. Аялдама павильонын екі бағытта пайдалануға болады. Біріншісі жарнама таратушы – билбордтар, оған жарнама орнатылады. Екіншісі - коммерцияға арналған сауда павильоны (гүл, фаст-фуд, жеміс-жидек сатуға арналған). Алғашқы пилоттық павильонды біз орнаттық. Қазір 10-нан көп аялдама орната алатын инфесторлармен жұмыс істеліп жатыр. Біз ондай инвесторлармен тікелей келіссөз жүргіземіз. Неге? Себебі, бір аялдама павильонының құны 6-дан 15 млн теңгенің аралығында және оны қосу ақысы бар. Оны кез келген бизнесменнің қалтасы көтермейді. Сол себепті 10 және одан көп павильон орната алатын ірі институттық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай инвесторлар мен ұйымдармен келіссөз жүргізудің соңғы кезеңіндеміз. МЖС механизмі есебінен 90-ға жуық аялдама павильонын орнатамыз деп ойлаймын.

Тілші:

- Барлық павильондарда сауда алаңдары болады ма?     

 Н.Жақыпов:

Олар жылы павильондар болады. Кейбірі коммерциямен, ал кейбірі сауда алаңдарысыз.

Тілші:

- Жылы аялмадамаларда бизнестің қай секторына басымдылық беріледі?

 Н.Жақыпов:

- Мұнда негізгі міндет – қалалықтар қақаған аязда қоғамдық көлікті жылы әрі жайлы жағдайда қарсы алуы тиіс. Әрі бұл аялдама павильондары қымбат тұратынын және оны күтіп-ұстау қыруар ақшаны қажет ететінін түсіне отырып, әлеуетті инвесторларға сауда жөнінде ақыл айта алмаймыз. Әрине, ол жерде тыйым салынған тауарлар мен заңсыз қызмет түрлерін көрсетуге жол бермейміз. Сол сияқты саудагерлерге қызмет түрі мен бағытын таңдауда шектеу қоймаймыз.

Тілші:

- Сіздер азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысымен айналысасыздар. Осы көктемде азық-түлік бағасы көтерілуі мүмкін бе? 

 Н.Жақыпов:

ӘКК тұрақтандыру қоры бағдарламасы бойынша мамандандырылған ұйым ретінде анықталды. Ауылшаруалық нарықты реттеуге жәрдемдесу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызға ие тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермес үшін құрылды. Астана қаласының тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Ауылшаруашылық басқармасыен 2017-2019 жылдарға келісім жасалды. Аймақтық тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде 2017 жылы ӘКК 2800 тонна қант, күріш, қарақұмық және картоп сатылып алынды. Нақты айтсақ 1,5 тонна қант, 500 тоннадан күріш пен қарқұмық және 300 тонна картоп алынды. Мысалы, біз картопты 95 теңгеден алып, келісін 11 теңгеден асырмай сататын кәсіпкерлерге 105 теңгеден сатамыз. Аталған шараның арқасында қыс бойы елордада картоп бағасы 115-120 теңге көлемінде сақталды. Тіпті, басқа базарлардың саудагерлері келіп, «картоптарың қашан бітеді?» деп сұраған кездер болды. Олар бағаны көтеу мақсатында сұрады. Себебі бағаны қазір көтерсе де, тұтынушылар бізге келетінін білді. Біз оны «Шапағат» базарында жүзеге асырдық. Бұл тиімді шара қыс кезінде «Шапағат» базары арқылы халықтың аз қамтылған топтарын қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді деп ойлаймыз.

 Тілші:

- Сіздің болжамыңызша, Астанада не қымбаттауы мүмкін?

Н.Жақыпов:

Маусымға байланысты: картоп, ал жаз кезінде қант қымбаттай бастайды. Қант сатып алғандықтан оның бағасын ұстайтын боламыз. Қазір бәрі тұрақты. Бағаның көтерілуін көріп отырған жоқпыз. «Шапағат» базары басқа базарларға қарағанда жалға беру ақысын төмен бағамен ұсынады. Сол себепті саудагерлердің артық баға қосуын шектейді. Сондықтан «Шапағат» базарында сатылатын өнімдер бағаның өсуіне жол бермей ұстау факторларының бірі.

Тілші:

- «Шапағат» туралы айтып бастаған соң, жақында аталған коммуналдық базарды жекешелендіру 2020 жылға қалдырылатыны туралы айтылды. Бұл қаншалықты мүмкін?

Н. Жақыпов:

Аталған мәселе қаралуда. Жекешелендіру деген медаль сияқты. Ал әр медальдің екі жағы бар. Бір жағынан бізде yellowpages принципі енгізуліде. Мемлекет жеке сектор бар жерде мемлекеттік компанияның қатысуына шектеу қойғымыз келеді. Ал екінші жағынан, «Шапағат» азық-түлік бағасын ұстау және әлеуметтік аз қамтылған топты жайлылық жасаудың бірден-бір құралы. Егер ол жекешелендірілетін болса, жаңа меншік иесі аталған баға саясатын ұстанатынына кепілдік болмайды. Сондықтан осы принциптерді басшылыққа алып, жекешелендіру мерзімін шегеру туралы пәкірталас болып жатыр. Қарап отырсақ, жолдың қарсы бетіндегі базарда сауда сөресін жалға беру бағасы үш есе қымбат. Тиісті баға бар. Оны күнделікті келген адамдар ағынынан көруге болады. «Шапағат» табысты әрі жүктемесі көп базардың бірі, ол баға қолайлы болған соң, халық сонда баратынын көрсетеді. Күн сайын коммуналдық базардың келушілері 7-10 мың аралығындағы адамды қамтиды. «Шапағат» жинақы әрі шағын базар болғанына қарамастан. Сол себепті «Шапағат» базарының коммуналдық базар ретінде жекешелендіруін кейінге қалдыру жұмысын жалғастыру қажет деген пікір бар.

Тілші:

- Биыл Астанадағы ботаникикалық бақ ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес бақтың аумағында сауда және сауық аймақтары болады. Кәсіпкерлерге ондағы жерлер қалай бөлініп, беріледі?

Н.Жақыпов:

Ботаникалық бақтың қалалықтардың демалысы үшін аумағында спорт кешені, спорт кешені және бірқатар мейрамхана салу жоспары бар. бақтың аумағына өз кәсібін ашқысы келетін кәсіпкерлерден бізге өтінім түседі. Түскен өтінім негізінде біз Сәулет басқармасына инвесторларға жер телімін беру үшін өтініш жібереміз. Бұл жерде біз «бір терезе» принципі сияқты жұмыс істейміз.  Жеке инвестордың ақгасына қала тұрғындары спортпен айналысатын жабдықталған Ботаникалық баққа ие қол жеткіземіз. Онда велосипед, шаңғы және т.б. спорттық заттарды жалға беру орындары болады. Мейрамхана кешендері балалар алаңдарымен жабдықталып, қаланың басқа бөліктерінен кем түспейді. Оның барлығы жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асыру көзделуде.

Тілші:

- Бақ аумағында бизнесін жүргізгісі келетін инвесторлар көп пе?

Н.Жақыпов:

Иә. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі күні қызығушылық танытушы тұлғалар бар, олардың жоба-эскиздерімен жұмыс істеудеміз. Нақты айтсақ, сол жерде орналасатын фитнес орталықтың жобасы бар. сондай-ақ мейрамхана аймағы бойынша да істеп жатырмыз. Олар (инвесторлар) халықаралық франшизалармен жұмыс істейтін қазақстандық бизнесмендер.

Тілші:

- Алдағы уақытта Астанада іске асырылатын ірі инвест жобаның бірі Сингапур мектебі болмақ. Ол мектеп қашан ашылады?

Н.Жақыпов:

Сингапур мектебі бойынша, бізге тиісті инвесторлар өтінім келіп түсті. Мектеп 1500 оқушыға арналып салынбақ. Ол мектеп - Сингапур моделі бойынша салынып, үш бөліктен тұрады: бастауыш мектеп, орта мектеп және бітіруші сыныптар. Балалар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарлануда, 24 сағат бойы оқушылардың арасында оқу процессінен қол үзбейді. Мектеп техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталады. Шетелдік ұстаздар және балалардың ақыл-ойы мен физикалық тұрғыда дамуы үшін қажетті спорттық жабдықтар болады. Аталған жоба ӘӘК стратегиясына жақсы келеді деп ойлаймыз: бір жағынан әлеуметтік, ал екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тарту болып табылады. Қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асыратын боламыз.

Тілші: Әңгімеңізге рахмет.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх