Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы ақпаратты жариялады

12 қыркүйек, 15:541243
Автор: Elorda Aqparat
фото Елорда Инфо мұрағатынан фото Елорда Инфо мұрағатынан

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алу мақсатында 17 мыңнан астам адам өтінім берген. Олардың ішінде бағдарлама талаптарына сай келген 10 482 азаматқа қатысты оң шешім шығарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды», -делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

 «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарға «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа +7 (727) 227-20-25 тәулік бойы жұмыс істейтін нөмір бойынша өтініш беруге болады.

Сонымен бірге ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсы www.baspana72025.kz арқылы қосымша ақпараттар алуға болады.

 

 

 




Наверх