• USD 385
  • EUR 434

Елорда әкімдіктері «Ашық әкімдік» күнін өткізеді

08 тамыз, 08:43250
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

9 тамыз күні сағат 10.00-де елордадағы аудан әкімдері «Ашық әкімдік» ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында қала тұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстары бойынша аудан әкімінен, қалалық басқарма басшыларынан тікелей жауап ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ашық әкімдік» астананың барлық аудан тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнататын тұрақты алаң болады.

«Ашық әкімдік» - бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз ететін сұхбат алаңы. Осылайша қала тұрғындары алдын ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйткілді мәселелерін көтереді, құқықтық және әлеуметтік көмек алуды шешеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары кеңес алу, өз сауалдарына жауап алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппараттарына жүгіне алады.

Алматы ауданы әкімінің аппараты «Ашық әкімдікті» аудан әкімдігінің ғимаратында Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекен-жайында өткізеді, Байқоңыр ауданының әкімдігі «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34), Есіл ауданының әкімдігі аудандық әкімдік ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 33), Сарыарқа ауданының әкімдігі Сарыарқа даңғылы, 13 мекен-жайында орналасқан аудандық әкімдік ғимаратында өткізеді.

«Ашық әкімдік» ашық есік күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі аралықта өтеді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх