• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Цифрлық технологиялар елордалық дәрігерлердің жұмысын жеңілдетті

07 қыркүйек, 12:10658
Коллаж авторы Диас Маженов Коллаж авторы Диас Маженов

Астанада «SMART Медицина» жобасын енгізу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Құжаттарды цифрландыру бойынша қыруар жұмыс істелді. Бүгінгі күні Астана халқының 93% электронды денсаулық паспортына ие, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Смарт-медицина» жобасы шеңберінде №10  емхананың базасында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ахуалды орталығы құрылды. Ол толық жобалық күшіне енген соң қаланың барлық медициналық ұйымдары үшін бірыңғай аналитикалық ақпараттық орталығына айналады.

Сондай-ақ медициналық ұйымдар электронды құжат айналымын енгізіп бастады. Қазірдің өзінде қалада медициналық құжаттамалардың формасы 70% электронды форматта толтырылады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100% көрсеткішке жеткізу көзделіп отыр.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх