• USD 368
  • EUR 423.5
  • RUR 5.67

Астанада қанша мектеп бар және жаңа білім ғимараттары қайда салынады?

30 наурыз, 09:24909

Бүгінгі күні Астанада 143 мыңнан астам бала мектепке барады. Жыл сайын мектепке баратын оқушыларды саны орташа есеппен 15-18 мыңға артады, деп хабарлайды Elorda Info қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

7 жылдағы оқушылардың саны 2 есеге артты. Атап айтқанда, 2011-2012 оқу жылында білім ордасына білім алуға 79 мың оқушы барған болса, 2017-2018 оқу жылында білім алушылардың саны артып, 143 мың оқушыға жетті.

Жыл сайын қала мектептерінде 8-10 мыңға жуық оқушы бітіруде. Ал бірінші сыныпқа келетіндердің саны көші-қонды қоса есептегенде 23-25 ​​мың адамға жетеді. Сол себептен, қазіргі таңда 11 мектеп 3 ауысымда оқытуды жүргізеді.

Елордада 84 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар (оның ішінде 2 БИЛ, Зерде, Дарын және ағылшын тілі мектебі бар). 31 мектеп таза мемлекеттік тілде оқытатын болса, 43 оқу ордасы аралас және 10 мектепте орыс тілінде оқытылады. Үш ауысым бойынша 11 мекеме оқытады, ал 7 білім мекемесі бір және 66 мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

Сонымен қатар, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған екі интернат, кешкі (ауысым) мектеп, 12 жекеменшік мектеп, 3 НИМ  және 1 РФММ бар.

Астана қаласының әкімдігі Үкіметтің қолдауымен арнайы бағдарлама бойынша жаңа мектептер құрылысын салу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

Айталық, 2018 жылы шамамен 7 мың орынға арналған 6 мектеп салынады. Бұл №20 апатты жағдайдағы мектептің орнына салынатын жаңа мектеп. Абай-Бигелдинова көшесіндегі тағы бір мектеп №56, №60, №35 және №1 мектептеріндегі еселенген салмақты босатады. Ал ЭКСПО аймағында тұратын тұрғындар үшін № 74, №75 және №84 орта мектептердің үлес салмағын жеңілдететін 2 мектеп салынады.

Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке Хайвилл тұрғын үй кешенінің тұрғындары осы аумақтың жанында мектеп салуды сұрады. Тұрғындардың өтініші бойынша қатарлас жатқан Жұмекен Нажімеденов көшесінде жаңа оқу орны ашылады.

Жалпы алғанда, алдағы үш жылда республикалық бюджет қаражаты есебінен 27 мектеп және 10 қосалқы құрылыс салу жоспарланып отыр. Оның ішінде  "Өнеркәсіптік", "Пригородный", "Көкталда 1,2" тұрғын үй алаптары да бар.

Осылайша, Астана әкімдігі білім саласындағы толып жатқан мектеп жетіспеушілігі сынды мәселелерді толықтай жоюды жоспарлап отыр.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх